25.01.2023 |
![]() |
Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының шығып қалған депутатының орнына
2023 жылғы 14 қаңтарда сайланған депутатты тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12, 45, 46 және 82-баптарына сәйкес, Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Астана қаласы сайлау комиссиясы хаттамасының және «Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 14 қаңтарда өткен сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 12/663 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Андрей Иванович Лукин тіркелсін.
2. Андрей Иванович Лукинге белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 25 қаңтар
№ 25/694