05.04.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9, 12, 44 және 65-баптарына сәйкес және қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналсын. Н.Ә. Назарбаевты «жақтап» 7 850 958 (жеті миллион сегіз жүз елу мың тоғыз жүз елу сегіз) дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 95,55 пайызы берілді.
2. 2011 жылғы 3 сәуірде болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 05 сәуір
№ 45/76