24.01.2023 |
![]() |
Абай облысы сайлау комиссиясының
шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Абай облысы сайлау комиссиясының 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 17 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Абай облысы сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Нұрбек Жөкенұлы Сеитембетов тағайындалсын.
2. Осы қаулы Абай облысының сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 24 қаңтар
№23/691