15.06.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына, 19-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін, Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығыс Қазақстан облысы хатшылығының меңгерушісі Еркімбек Мұқатайұлы Аязбаев және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының бас маманы Гүлнәр Кеңесханқызы Күдербаева тағайындалсын.
2. Осы қаулы Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 15 маусым
№ 48/82