15.06.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
2. Күнтізбелік жоспар Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссияларына сайлауды өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3. Күнтізбелік жоспар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 15 маусым
№ 48/81