21.01.2023 |
![]() |
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы»
қоғамдық бірлестігін партиялық тізімдер бойынша сайланатын
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының
кезектен тыс сайлауына қатысуға жіберу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 2-1) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға жіберілсін.
2. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2023 жылғы 21 қаңтар
№21/685