23.01.2023 |
![]() |
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс
сайлауында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 5-тармағына, 12-бабының 1), 2) және 5) тармақшаларына, 14-бабының 4-1) тармақшасына, 24, 25, 26, 26-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті атқарушы органдар:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Дауыс беру үшін сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы №11/197 қаулысына сәйкес сайлаушылар тізімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) сайлаушылар тізімдерінің толықтығы мен дұрыстығы үшін азаматтарды, оның ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтардың жазбаша өтініштері негізінде сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібі туралы, сондай-ақ өңірде іске асырылатын ақпараттық сервистер туралы кеңінен ақпараттандыруды қамтамасыз етсін;
3) сайлаушылар тiзiмдерiнiң толықтығы мен дұрыстығы мақсатында сайлаушылар тiзiмдерiне енгiзудi тексеру және азаматтарға олардың сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлуi туралы ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық сервистердің (колл-орталықтардың, цифрлық сервистердің, интернет-ресурстардың) жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
4) азаматтардың сайлауға дейінгі отыз күннен кешіктірмей келіп түскен жазбаша өтініштерінің негізінде, сайлау округтерін ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды болатын жері бойынша тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу және тіркелген жері бойынша тізімнен алып тастау қызметін ұйымдастырсын;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес сайлаушылар тізіміне енгізу туралы азаматтардың жазбаша өтініштерін қарау мониторингін қамтамасыз етсін;
6) әрбiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылар тiзiмдерiн дауыс беру басталғанға дейiн жиырма күн бұрын тиiстi сайлау комиссияларына белгiленген тәртiппен ұсынуды қамтамасыз етсін.
2. Аумақтық сайлау комиссиялары:
1) белгіленген тәртіппен жергiлiктi атқарушы органдардан дауыс беру үшiн сайлаушылардың жаңартылған тiзiмдерiн акт бойынша уақтылы алынуын бақылауды қамтамасыз етсін;
2) сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдардан алған күннен бастап екікүндік мерзімде оларды электрондық түрде Орталық сайлау комиссиясына берсін;
3) учаскелiк комиссиялардың сайлаушылар тiзiмдерiн танысу үшiн белгiленген тәртiппен уақтылы ұсынуын бақылауды қамтамасыз етсін;
4) учаскелiк сайлау комиссиясының шешiмi бойынша сайлаушылар тiзiмiне өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, бұл туралы бiркүндік мерзімде жоғары тұрған сайлау комиссиясына хабарласын.
3. Учаскелік сайлау комиссиялары:
1) дауыс беру күніне он бес күн қалғанда тиісті учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушыларды таныстыру үшін сайлаушылардың тізімдерін ұсынсын;
2) сайлаушылар тiзiмдерiне енгiзу, олардан шығару не сайлаушылар тiзiмдерiне түзетулер енгiзу қажеттiгi туралы өтiнiштер олардың сайлау комиссиясына келiп түскен күнi қаралсын;
3) сайлаушылар тiзiмiне өзгерiстер енгiзiлген жағдайда бұл туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясына дереу хабарласын.
4. Осы қаулы Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында орналастырылсын және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдеріне, аумақтық сайлау комиссияларына орындау үшін жіберілсін.
Қазақстан Республикасы |
Н. Әбдіров |
Қазақстан Республикасы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 23 қаңтар
№ 22/689