21.01.2023 |
![]() |
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының
шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 01-11/224-1779 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Әділбек Бөрібайұлы Ерсұлтанов тағайындалсын.
2. Осы қаулы Қызылорда облыстық мәслихаты мен Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 21 қаңтар
№ 20/675