| 20.01.2023 |
|
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен
тыс сайлауында шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың
байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері
қызметін ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 20-бабының 8-тармағына, 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында:
1) шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысына, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкіліне бір аудармашы өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде ілесіп жүре алады;
2) шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған кезде сайлауда байқауды жүзеге асыра алады.
2. Шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының қоса беріліп отырған сауалнамасының мәтіні бекітілсін.
3. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу 2023 жылғы 13 наурызда cағат он сегізде аяқталады.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына жіберілсін.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2023 жылғы 20 қантар
№ 18/673
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
