27.12.2022 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау
жөніндегі округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және «Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекараларын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 желтоқсандағы № 130/625 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі округтік сайлау комиссиялары құрылсын:
Астана қаласы
№1 сайлау округі бойынша;
№2 сайлау округі бойынша;
Алматы қаласы
№3 сайлау округі бойынша;
№4 сайлау округі бойынша;
№5 сайлау округі бойынша;
Шымкент қаласы
№6 сайлау округі бойынша;
№7 сайлау округі бойынша;
Алматы облысы
№11 сайлау округі бойынша;
№12 сайлау округі бойынша;
Жамбыл облысы
№15 сайлау округі бойынша;
№16 сайлау округі бойынша;
Қарағанды облысы
№18 сайлау округі бойынша;
№19 сайлау округі бойынша;
Түркістан облысы
№25 сайлау округі бойынша;
№26 сайлау округі бойынша;
№27 сайлау округі бойынша.
2. Осы қаулы:
- тиісті округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру үшін Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарының мәслихаттарына;
- облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға м.а. |
К. Петров |
Хатшы м.а. |
Ш. Өтемісов |
Астана қаласы,
2022 жылғы 27 желтоқсан
№ 136/637