06.01.2023 |
![]() |
Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 2-ҚСК хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына Серік Қабдығалиұлы Шоқатаев, Сайран Қабдолдақызы Ысқақова, Әділ Орынбасарұлы тағайындалсын.
2. Осы қаулы Астана қаласының мәслихаты мен Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы м.а. |
Ш. Өтемісов |
Астана қаласы,
2023 жылғы 6 қаңтар,
№ 7/658