06.01.2023 |
![]() |
Ақмола облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Ақмола облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 2 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Ақмола облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына Шынар Қарағожақызы Омарова және Игорь Сергеевич Немешев тағайындалсын.
2. Осы қаулы Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы м.а. |
Ш. Өтемісов |
Астана қаласы,
2023 жылғы 6 қаңтар,
№ 5/656