05.01.2023 |
![]() |
Б.С. Баталовты, К.А. Қанитаеваны Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Б.С. Баталовтың, К.А. Қанитаеваның міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 5 қаңтардағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Болат Сәбитұлы Баталов, Қалима Атютюнқызы Қанитаева Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облыстық мәслихатына және Ақмола облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы м.а. |
Ш. Өтемісов |
Астана қаласы,
2023 жылғы 5 қаңтар,
№ 3/654