04.01.2023 |
![]() |
А.М. Давлетжановты, М.М. Тажмұқановты Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және А.М. Давлетжановтың, М.М. Тажмұқановтың міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Амангелді Медхатұлы Давлетжанов, Марат Мырзахметұлы Тажмұқанов Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына және Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы м.а. |
Ш. Өтемісов |
Астана қаласы,
2023 жылғы 4 қаңтар,
№ 2/653