28.12.2022 |
![]() |
Қ.Е. Жақсылықты, С.Б. Бейсенбаеваны
Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері
міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Қ.Е. Жақсылықты, С.Б. Бейсенбаеваны міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 28 желтоқсандағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қахарман Еркінұлы Жақсылық, Сандуғаш Базарбайқызы Бейсенбаева Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Жетісу облыстық мәслихатына және Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы м.а. |
Ш. Өтемісов |
Астана қаласы,
2022 жылғы 28 желтоқсан
№ 137/641