28.12.2022 |
![]() |
А.Ө. Ахметованы, Н.М. Валиулованы, Ш.С. Нұржігітті,
О.А. Сопрунды Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының мүшелері
міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және А.Ө. Ахметованың, Н.М. Валиулованың, Ш.С. Нұржігіттің, О.А. Сопрундың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 28 желтоқсандағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Апуежан Өмірзаққызы Ахметова, Нонна Медхатовна Валиулова, Шыңғыс Сейдахметұлы Нұржігіт, Оксана Анатольевна Сопрун Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Ақтөбе облыстық мәслихаты мен Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы м.а. |
Ш. Өтемісов |
Астана қаласы,
2022 жылғы 28 желтоқсан
№ 137/640