28.12.2022 |
![]() |
О.И. Сартаевты, А.А. Төлеуқановты Абай облыстық
сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және О.И. Сартаевтың, А.А. Төлеуқановтың міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 27 желтоқсандағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оралхан Иманғалиұлы Сартаев, Айдос Әбілғазыұлы Төлеуқанов Абай облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Абай облыстық мәслихатына және Абай облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы м.а. |
Ш. Өтемісов |
Астана қаласы,
2022 жылғы 28 желтоқсан
№ 137/638