27.12.2022 |
![]() |
Ж.К. Қазбековті, Қ.Қ. Омаровты Солтүстік Қазақстан облыстық
сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Ж.К. Қазбековтің, Қ.Қ. Омаровтың міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 26 желтоқсандағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жасұлан Кенжебайұлы Қазбеков, Қанат Қосылұлы Омаров Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына және Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға м.а. |
К. Петров |
Хатшы м.а. |
Ш. Өтемісов |
Астана қаласы,
2022 жылғы 27 желтоқсан
№ 133/634