27.12.2022 |
![]() |
Ж.Б. Шаяхметованы Атырау облыстық сайлау комиссиясының
мүшесі міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Ж.Б. Шаяхметованың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 22 желтоқсандағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жанна Бекболқызы Шаяхметова Атырау облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Атырау облыстық мәслихатына және Атырау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға м.а. |
К. Петров |
Хатшы м.а. |
Ш. Өтемісов |
Астана қаласы,
2022 жылғы 27 желтоқсан
№ 133/630