21.11.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына, 19-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін, Алматы қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Алматы қаласы әкімдігінің «Республика Сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының директоры Бақытжан Вилмергенұлы Доспанов тағайындалсын.
2. Осы қаулы Алматы қаласының сайлау комиссиясына және мәслихатына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 21 қараша
№ 62/115