19.12.2022 |
![]() |
Қазақстан Республикасында сайлау процесінің қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2023 жылға арналғаншаралар кешені туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасында сайлау процесінің қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2023 жылға арналған шаралар кешені осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құрылымдық бөлімшелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Электораттық оқыту орталығымен және оның өңірлік филиалдарымен, сондай-ақ электораттық оқытудың басқа да субъектілерімен жоғарыда көрсетілген Шаралар кешенін іске асыру жөнінде іс-қимыл жасауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Электораттық оқытуды ұйымдастыру, талдау және коммуникациялар бөлімдері осы қаулыны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі С.С. Мұстафинаға жүктелсін.
6. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға |
Н. Әбдіров
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2022 жылғы 19 желтоқсан
№ 126/620