21.11.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына, 19-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін, Алматы облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына уақытша жұмыс істемейтін Меруерт Сайлаубайқызы Тәсібекова тағайындалсын.
2. Осы қаулы Алматы облыстық сайлау комиссиясына және Алматы облыстық мәслихатына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 21 қараша
№ 62/113