15.12.2022 |
![]() |
Қайырғали Исмағұлұлы Конеевтің Алматы қаласы
аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы
10 желтоқсандағы шешіміне шағымы туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 5) тармақшасына және 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 10 желтоқсандағы шешімі (№ 43 хаттама) «Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 4-тармағының «тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған» нормасы бөлігіне ресми түсіндірме беру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 18 наурыздағы № 5/2 қаулысына және сайлау туралы заңнамаға сәйкес қабылданды деп танылсын.
2. Қ.И. Конеевтің Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 10 желтоқсандағы шешіміне (№ 43 хаттама) шағымын қанағаттандырудан бас тартылсын.
Төраға м.а. |
К. Петров
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 15 желтоқсан
№ 125/619