24.11.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауы және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының мынадай нысандары белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауы және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы жөніндегі сайлаушылар тізімі;
2) сайлау учаскесін ашу туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/170, 2007 жылғы 14 шілдедегі № 94/192 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 24 қараша
№ 63/117