02.12.2022 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
Н. Төреғалиевтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің
туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нариман Төреғалиевтың Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 33 Жарлығына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Н. Төреғалиевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына енгізілсін.
Төраға м.а. |
К. Петров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2022 жылғы 2 желтоқсан
№ 116/610