01.12.2022 |
![]() |
Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшелері
Н.О Есбаевты, Г.Ш. Қожахметованы, С.О. Оспанованы
міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Н.О Есбаевтың, Г.Ш. Қожахметованың, С.О. Оспанованың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 30 қарашадағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нариман Оразбайұлы Есбаев, Гүлсім Шабданқызы Қожахметова, Сәуле Оразбекқызы Оспанова Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Қарағанды облыстық мәслихатына және Қарағанды облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға м.а. |
К. Петров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 30 қараша
№ 114/608