31.10.2022 |
![]() |
Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 13) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, 4-тармағына және 83-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2022 жылғы 22 желтоқсанға тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2022 жылғы 22 желтоқсанға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Астана қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 31 қазан
№ 102/592