29.11.2022 |
![]() |
2022 жылғы 22 желтоқсанға тағайындалған, Астана қаласынан
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған
депутатының орнына сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет
қаражатынан жабылатын шығыстарының
мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз басылымдарында екі мақала жариялау 380 000 (үш жүз сексен мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 100 000 (жүз мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 20 000 (жиырма мың) теңге.
2. Осы қаулы тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізу үшін Астана қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Осы қаулыны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға м.а. |
К. Петров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2022 жылғы 29 қараша
№ 113/607