28.11.2022 |
![]() |
«Қазақстан Республикасының сайлау процесіне қатысушыларды
оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешені» туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы
22 желтоқсандағы № 19/434 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 5) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешені» туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/434 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасының сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенінде:
4.3-тармақтың бірінші-он екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4.3. Жаттықтырушылар корпусын дайындау
Оқыту форматы: қашықтықтан, күндізгі және басқа да интерактивті оқыту нысандарын біріктіре отырып, сайлау заңнамасы, құқық қолдану және сайлау процесінің ерекшеліктері мәселелері бойынша теориялық дәрістерді де, практикалық сабақтарды да қамтитын мақсатты оқыту курстары мен семинар-тренингтердің циклдары.
Мақсатты оқыту курстары барлық таргет-топтар үшін тұрақты жұмыс істейтін жаттықтырушыларды оқытуды көздейді:
республикалық деңгейде:
- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалардың, аудандардың және қаладағы аудандардың сайлауын ұйымдастырушыларды оқытуға арналған жаттықтырушылар (1 047 адам);
- мемлекеттік қызметшілерді оқытуға арналған жаттықтырушылар (220 адам);
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін оқыту бойынша жаттықтырушылар (65 адам, оның ішінде республикалық БАҚ өкілдеріне арналған 10 жаттықтырушы және өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған 55 жаттықтырушы);
- саяси партиялар өкілдерін оқытуға арналған жаттықтырушылар (55 адам);
- электораттық заңгерлерді оқытуға арналған жаттықтырушылар
(220 адам);
- өңірлік колл-орталықтардың қызметкерлерін оқытуға арналған жаттықтырушылар (200 адам);
- сұрау салу бойынша құқық қорғау және прокуратура органдарының қызметкерлерін оқытуға арналған жаттықтырушылар (225 адам);
- жастар ұйымдарының өкілдерін оқытуға арналған жаттықтырушылар (55 адам)».
2. Осы қаулы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2022 жылғы 28 қараша
№ 112/606