24.11.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлау бюллетеньдерін дайындау үшін мынадай баспаханалар айқындалсын:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына – «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК;
2) Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына:
Астана қаласы, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары - «Астана полиграфия» АҚ;
Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары - «Арко» ЖШС;
Алматы қаласы, Ақтөбе, Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстары - «АБК+ баспаханасы» ЖШС;
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары - «Сенім» Жамбыл баспа орталығы» ЖШС.
2. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 24 қараша
№ 63/119