22.11.2022 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және
мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша
сайлау округтерін құру тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 2, 2-2) тармақшаларына, 21-бабының 1, 4-тармақтарына және 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру тәртібі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2022 жылғы 22 қараша
110/604