07.12.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлау бюллетеньдерін дайындау үшін мынадай баспаханалар айқындалсын:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына – «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК;
2) Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына: Астана қаласы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары - «Астана полиграфия» АҚ, Астана қаласы;
Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары - «Арко» ЖШС, Қарағанды қаласы;
Алматы қаласы, Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстары - «Баспахана АБК+» ЖШС, Алматы қаласы;
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары - «Сенім» Жамбыл баспа орталығы» ЖШС, Тараз қаласы;
Оңтүстік Қазақстан облысы – «Кітап» ЖШС, Шымкент қаласы;
Ақтөбе облысы – «Nobel» ЖШС, Ақтөбе қаласы;
Ақмола облысы – «Көкшетау-Полиграфия» АҚ, Көкшетау қаласы.
2. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі қосымшаға сай белгіленсін.
3. «2012 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 63/119 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 7 желтоқсан
№ 65/123