09.12.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына, 19-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін, Астана қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына зейнеткер Ебенғаппас Елемесұлы Ахметов, «Жайна Астана» ҚБ төрағасы Мұхтар Дүйсенұлы Еркетаев және № 4 орта мектебінің мұғалімі Айнұр Тілеуқабылқызы Көшметова тағайындалсын.
2. Осы қаулы Астана қаласының сайлау комиссиясына және мәслихатына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 09 желтоқсан
№ 68/127