27.12.2011 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 200 Жарлығына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжановтың өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 27 желтоқсан
№ 76/141