28.12.2011 |
![]() |
«Руханият» партиясының партиялық тізімін ұсыну тәртібінің бұзылғаны туралы А.Қ. Жағанованың өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жүргізген тексеру іс-шаралары нәтижелерінің негізінде, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 72/133 қаулысымен тіркелген «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеудің күші жойылсын.
2. «Руханият» партиясының атауы сайлау бюллетенінен алынып тасталсын.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 28 желтоқсан
№ 77/143