30.12.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына, 19-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін, Астана қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына «Барит» СК директорының орынбасары Марат Әбдуәлиұлы Әубәкіров тағайындалсын.
2. Осы қаулы Астана қаласының сайлау комиссиясына және мәслихатына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 30 желтоқсан
№ 78/148