08.11.2022 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Ф.С. Сатыбаевты тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Ұлттық Кеңесінің 2022 жылғы 5 қарашадағы № 1 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Фуат Сайдахметұлы Сатыбаевқа берілсін.
2. Фуат Сайдахметұлы Сатыбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Фуат Сайдахметұлы Сатыбаевқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2022 жылғы 8 қараша
№ 104/595