30.12.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына, 19-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін, Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Дәмелі Қуанқозықызы Есенова тағайындалсын.
2. Осы қаулы Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына және Маңғыстау облыстық мәслихатына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 30 желтоқсан
№ 78/149