06.01.2012 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалған, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдері (бұдан әрі – сайлау бюллетеньдері) орталықтандырылған түрде дайындалсын.
2. Дайындалуға тиіс сайлау бюллетеньдерінің саны, сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы резервін қоса, 394 (үш жүз тоқсан төрт) дананы құрайтын болып белгіленсін.
3. Сайлау бюллетенінің мәтіні қосымшаға сай бекітілсін.
4. Сайлау бюллетеньдерінің Астана қалалық сайлау комиссиясына 2012 жылғы 13 қаңтардан кешіктірмей жеткізілуі қамтамасыз етілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2012 жылғы 06 қаңтар
№ 1/150