09.01.2012 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 20-2 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 19-2/27 хатының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының құрамында аккредиттелуіне байланысты 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына шет мемлекеттің келесі байқаушыларын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеудің күші жойылсын және берілген куәліктер кері қайтарылсын:
1) Василий Бущик;
2) Антон Гущин.
2. «2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 74/137 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген, 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттелген шет мемлекеттер байқаушыларының тізімінде:
«2. Шет мемлекеттер» бөлімінде «2.1. Беларусь Республикасы» бөлімшесінен реттік нөмірлері «1. Василий Бущик» және «2. Антон Гущин» деген жолдар алынып тасталсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сәрсембаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2012 жылғы 09 қаңтар
№ 2/157