19.09.2012 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6- тармақтарына және 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының босаған мандаты Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясының мүшесі Талғат Файзуллаұлы Ерғалиевқа берілсін.
2. Талғат Файзуллаұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Т.Ф. Ерғалиевқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2012 жылғы 19 қыркүйек
№ 18/179