21.10.2022 |
![]() |
Жұматай Әлиевті Қазақстан Республикасының
Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 59-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Президенттікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 56-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жұматай Әлиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2022 жылғы 21 қазан
№ 97/586