21.09.2012 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6- тармақтарына және 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының босаған мандаттары «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшелері Омархан Нұртайұлы Өксікбаевқа және Серік Әбікенұлы Үмбетовке берілсін.
2. Омархан Нұртайұлы Өксікбаев және Серік Әбікенұлы Үмбетов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары болып тіркелсін.
3. О.Н. Өксікбаевқа және С.Ә. Үмбетовке белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2012 жылғы 21 қыркүйек
№ 19/180