20.10.2022 |
![]() |
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында
Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты Қазақстан Республикасының
Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін.
2. Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының талдау және коммуникациялар бөлімі Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2022 жылғы 20 қазан
№ 96/583