20.10.2022 |
![]() |
Алматы облыстық сайлау комиссиясының
шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Алматы облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 19 қазандағы № 22 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Алматы облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Анар Қанатқызы Қанатова тағайындалсын.
2. Осы қаулы Алматы облыстық мәслихаты мен Алматы облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 20 қазан
№ 94/581