20.10.2022 |
![]() |
Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі
З.С. Құсайынованы міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес З.С. Құсайынованың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 19 қазандағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зәуре Сағатқызы Құсайынова Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Алматы облыстық мәслихаты мен Алматы облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2022 жылғы 20 қазан
№ 94/580