18.01.2012 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46 және 98-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған, бесінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары тіркелсін:
1) Алиев Жұматай
2) Ахмадиев Мұрат Абдуреимович
3) Каппель Егор Яковлевич
4) Ким Роман Ухенович
5) Мурадов Ахмет Сейдарахманович
6) Нестерова Надежда Дмитриевна
7) Саяпова Зухра Алеутдиновна
8) Тимощенко Юрий Евгениевич
9) Халмурадов Розакул Сатыбалдиевич
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына белгіленген үлгідегі тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2012 жылғы 18 қаңтар
№ 8/166