18.01.2012 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша бесінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары тіркелсін:
1) Әбілдаев Азамат Рахатұлы;
2) Жазылбеков Нұрлан Әбдіжапарұлы
3) Қазбекова Меруерт Айтқажықызы
4) Никитинская Екатерина Сергеевна
5) Перуашев Азат Тұрлыбекұлы
6) Рысқали Аманжан Сәулебайұлы
7) Сәрсенов Сағиятулла Өмірзақұлы
8) Тұртаев Алмас Ұзақұлы
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына белгіленген үлгідегі тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2012 жылғы 18 қаңтар
№ 8/164