09.01.2013 |
![]() |
Жастарды құқықтық оқытудың 2012-2013 жылдарға арналған жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылғы 10 қаңтардан 31 мамырға дейін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа конкурс ұйымдастырылсын және өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасындағы Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа конкурс туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өңірлердегі өкілдеріне жіберілсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2013 жылғы 09 қаңтар
№ 1/192