26.02.2013 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына және 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының босаған мандаты «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі Серік Тұрарұлы Сейдумановқа берілсін.
2. Серік Тұрарұлы Сейдуманов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. С.Т. Сейдумановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2013 жылғы 26 ақпан
№ 6/198